«Білімге, еңбексүйгіштік пен патриоттыққа ұмтылу» » Еңбекші орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-50-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білімге, еңбексүйгіштік пен патриоттыққа ұмтылу»
01
сентябрь
2022

«Білімге, еңбексүйгіштік пен патриоттыққа ұмтылу»


2022 жылдың 1 қыркүйек күні мектепте Балалар жылына арналған «Білімге, еңбексүйгіштік пен патриоттыққа ұмтылу»  атты  салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынға Еңбекші ауылдық округінің әкімі Қ.Сағымбеков, Қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Бисаринов және  Алакөл АПб-нің ӘПБ-нің бастығы  полиция  капитаны Қ.Шарипханов  қатысты. Мектеп директоры А.Шарахметова  мерекемен құттықтап, жас  жеткіншектерге  ақ  жол  тіледі, директордың оқу  ісі жөніндегі орынбасары Ж.Өмірсерікова  жаңа оқу жылының басталуы бойынша шығарылған бұйрықпен таныстырды. Биылғы мектеп табылдырығын алғаш аттап отырған 17  жас түлекке «Әліппе» оқулығымен бірге, ауыл азаматы Темірғалиев Жанат Нұрбайұлының демеушілігімен мектеп сумкасы және оқу құралдары  салтанатты түрде тапсырылды. Әліппені жас жеткіншектерге  Еңбекші ауылдық округінің әкімі Қ.Сағымбеков, мектеп директоры А.Шарахметова және 11 сынып білім алушылары тапсырды.