ауған соғысының ардагерлерімен кездесу » Еңбекші орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-50-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
27
февраль
2018

ауған соғысының ардагерлерімен кездесу

 

«Еңбекші орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының 2018 жылғы 16 ақпанындағы №218-ө бұйрығына

 

Анықтама

Мектептің 2017-2018 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарының негізінде 2018 жылдың 16 ақпанында сағат 15:00-де Кенес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына байланысты «Ерлік – ел есінде» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Қойшыманов Өмірсерік Төлегенұлы, Жақанбаев Нұрлан Нукенұлы, Кребаев Шаяхмет Нұрахметұлы ардагер ағаларымыз келіп, оқушылармен сырласып өздерінің бастан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, оқушылардың қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап берді. Іс-шараға 5-11 сынып оқушылыры қатысты. Жүргізуші 7-сынып оқушысы Тайкина Арайлым, мақала дайындаған Даулетова Диана, жауынгер хатын оқыған Мелсов Рахат және қонақтарымызға әндерін арнаған Тұрлынова Торғын мен Набиева Алина. Осы кездесудің құрметіне орай мектепшілік ұлдар арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды 11-сынып, 2 орынды 10 сынып, 3 орынды 9-сынып оқушылары иеленді. Мақтау қағазымен марапатталды. Өткізілген кездесу туралы мақала «Алакөл» газетіне жіберілді. Келген Ауған соғысы ардагерлеріне өткізілген іс-шарамызға қатысып, жастарға патриоттық және адамгершілік тәрбие беруге қосқан үлестері үшін мектебіміздін атынан алғыс хат берілді.

Анықтамаға қосымша өтілген іс-шараның фотосуреті мен жоспары  беріледі.

 

Анықтаманы жазған АӘД пәні мұғалімі:        Қабдолдаев А.С.