1 сыныпқа қабылдау » Еңбекші орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-50-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 сыныпқа қабылдау
27
март
2024

1 сыныпқа қабылдау

🔰 Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірден басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады
🔰1 сыныпқа алты жасар және биылғы жылы 6-ға толатын балалар қабылданады

🔰Жетісу облысында 2024-2025 жылы 1 сыныпқа шамамен 13000-ға жуық бала қабылдау жоспарланып отыр

♻️Ата-аналар назарына!
✅ Ата-аналар баланың құжаттарын egov.kz немесе e-zhetysu.kz электронды қызметтер порталы арқылы тапсырады

✅Мектепке қабылдау мектептердің сыйымдылығына қарай жоспарланып, қабылданады.

♻️Қажетті құжаттар тізбесі:
✅Ата-аналар өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлға) Баланың №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты
✅Баланың екі дана 3*4 фотосуреті
✅Өтініш демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады
✅ Қосымша сұрақтарыңыз болса аудандық, қалалық білім бөлімдеріне, облыстық білім басқармасының Call-орталығына хабарласа аласыз!