БАЛА – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ » Еңбекші орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-50-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БАЛА – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ
14
декабрь
2023

БАЛА – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ



БАЛА – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ
Біздің халқымыз мың жылдықтан мәңгілікке қадам басты. Адамзаттың түбі бірлігі ақиқат болса, адам атаулының дәуірлердін сынынан сүрінбей өткен игіліктері баршаға ортақ екені анық. Қай халықтың да еңсесі жоғары болуы – алдымен денсаулыққа, ерең еңбек пен ерлікке, өршіл өнер мен намысқа тәуелді. Осы намысты ту етіп ұстаған бабаларымыз мәңгілікке барар жолды нық шегелеп кетті.
Адам баласының ең асыл мұраты – ұрпақ өсіріп, өмір көшін жалғастыру. Осы орайда, мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қыркүйек айында жолдаған кезекті жолдауында сәбилердің тәрбиесі мен денсаулығына үлкен мән берді. Ұрпағымыздың адал азамат және тұғырлы тұлға болып қалыптасуы бала кезден басталатынын, балаларға қамқорлықты күшейту керектігіне ерекше тоқталды.
Бала біздің болашағымыз. Әр сәби мемлекетіміздің шаңырағының бір-бір уығы екені белгілі. Сондықтан, біз балаларымыздың денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Кейінгі кезде елімізде балалар арасында әртүрлі аурулар көбейіп, ата-аналарды аландатып отыр. Соңғы кездері балалар арасында қызылша ауруы жиі кездесіп, соңы өлімге соқтырып жатқанын дәрігерлердің ақпаратынан біліп отырмыз. Бұл дертпен ауырғандар біздің ауданымызда да кездеседі. Аурудың негізгі асқыну себебі: әлде кімдердін теріс насихатына еріп, балаларға екпе салдырмаудан деп білемін. Қазіргі ата - аналар көзі ашық, көкірегі ояу жандар емес пе?! Ауруға қарсы имунитетті көтерудің ең бірінші құралы вакцина екенін біле тұра, неге теріс пиғылды насихатшылардың сөзіне ереді? Біз балаларымызды белгіленген бірде-бір екпеден алып қашпай – ақ, дені сау тұлға етіп өсірдік. Мен, қарт ана ретінде: Құрметті ата-аналар, бәрі кеш болмай тұрғанда, балаларға екпе салдырыңыздар, - демекпін. Ұрпағымыздың тағдыры мен денсаулығына жауапты екенімізді ұмытпайық! Сіздерді ауруды алдын алуға шақырамын.

Дүйсебаева Ұлжалғас Бурасанқызы
Аудандық аналар кеңесінің төрайымы