Мектеп тарихы » Еңбекші орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-50-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
март
2022

Мектеп тарихы

1928 жылы Сайхан ауылында сауат ашу мектебі болып ұйымдастырылды.Оны ұйымдастырған,әрі арабша (төте оқу ) тәсілмен жүргізген Бәшімов Рашид.

  1929-1930жылы Бастауыш класс құрылып 22 бала бірге,бір ғана класта оқытылды.Меңгерушісі Меңгелбаев Абдірахман.

1936-1937 жылдары Жеті жылдық мектеп ашылып,әрі мектеп жарғысы қабылданды,тіркеуден өтті.Сыныптар ашылды.Басшысы болып Жұмағұлов Мәлік істеді.Осы кезден бастап оқу-тәрбие жоспары жасалып,едәуір алға басқан кезі болатын.

Жеті жылдық Мектепті алғаш рет «15» оқушы бітірді.Осы жылы «П» әрпі тектес бір қабатты шатырлы мектеп үйі салынып,іске қосылды. Осы мектепте 1974 жылға дейін оқушылар оқыды.

1956-1957 оқу жылынан бастап орта білім беретін мектепке айналды.

1957-1958 жылы мектепті «18» оқушы бітіріп,тұңғыш рет Қазақ ССР Оқу министірлігі аттестатын алып шықты.

1974-1976 оқу жылында 1936 жылы салынған мектеп жарамсыз болуына байланысты «Ильич» атындағы совхоздың екі қатарлы қоймасында оқушылар оқыды.

1976 жылы қазіргі үш қабатты мектеп үйіне кірді.Осы мектепте алғаш 1960 жылы туылған оқушылар оқып,орта білім туралы аттестат алып шықты. Қазіргі уақытта мектепте компьютер сыныбы,кітапхана,спорт зал,мәжіліс залы, «Балауса» шағын орталығы және оқу кабинеттері жұмыс істейді.

1984-1985 жылы мектеп директоры  Нұрахметов Жақан

1985-1989 жылы мектеп директоры  Мұқашев Мұқаметбай

1989-1992 жылы мектеп директоры  Рашидов Маулен

1992-1995 жылы мектеп директоры  Мамырбеков Рамазан

1995-1996 жылы мектеп директоры  Қожагелдинов Есбол

1996-2007 жылы мектеп директоры  Сқақова Бақыт

2007-2009 жылы мектеп директоры  Оразбеков Қажыбек

2009-2010 жылы мектеп директоры  Станбеков Бейсенбек

2010-2014 жылы мектеп директоры  Тайкина Нұржан

2014-2018 жылы мектеп директоры   Байдильдаев Даулетхан

2018 жылдан бастап  мектеп директоры  Шарахметова Алия.

Мектеп 3 қабатты 640 орындық ,1976 жылы  пайдалануға берілген.Қазіргі уақытта жылу жүйесі сұйық отынмен жылытылады.  2016 жылы ғимарат күрделі жөндеуден өтті.

Мектеп бойынша 13 сынып топтамасы, 1 түзету-дамыту сыныбы, «Балауса» шағын орталығы және 1 мектепалды даярлық тобы жұмыс атқарады.

2021-2022  оқу жылында барлығы 255 оқушы оқиды.