"Сәт сапар, жас түлек!"
1- маусым Еңбекші орта мектебінде "Сәт сапар, жас түлек!" атты жиын өтті. Салтанатты жиында ауыл ақсақалы Ыбыраев Марат атамыз түлектерге ақ батасын беріп, ауыл әкімінің м.у.а Умирбеков Руслан ақ тілегін білдірді. Биылғы 65 түлектер алтын ұя мектептерімен қимай қоштасып, әдемі әндерін арнады. 45, 20,5 жылдық кездесуге келген түлектер де өз ақ тілектерін білдірді. Салтанатты жиын жоспарланған жоспар бойынша өткізілді. Биылғы түлектерге ақ жол, сәт сапар тілейміз.