"Қош келдің, құтты Наурызым!"
6а.б сыныбының сынып жетекшілері А.Калиева, А. Байғабылқызының ұйымдастыруымен "Қош келдің, құтты Наурызым!" атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Наурыз жыл басы, яғни дін мейрамы емес ұлт мейрамы екендігін, тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру; Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.