1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні » Еңбекші орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-50-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні
01
июнь
2022

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні

"Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің " Еңбекші орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне және "Балбұлақ"жазғы сауықтыру лагерінің ашылуына орай "Бала дауысы-2022" байқауының ІІ кезеңі өткізілді. Мерекелік іс-шараның ашылуында мектеп директоры А. Шарахметова, Еңбекші ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Р.Умирбеков құттықтау сөз сөйлеп, бүлдіршіндерімізді төл мерекелерімен құттықтап, балаларға бақытты балалық шақ тіледі. Байқау ережесі бойынша көрермендер қолдарындағы билетке бүгінгі бала дауысында ең үздік өнер көрсеткен бүлдіршіннің есімін жазу арқылы жеңімпазды анықтады. Байқау қорытындысы бойынша:
БАС ЖҮЛДЕ 1 б сынып оқушысы Қалибек Айша, Тәлімгері Рахимова Жұлдыз Қадесқызы
І орын: 3 сынып оқушысы Назарбек Ақбота, Тәлімгері Тұралықов Олжас Тынысбекұлы.
ІІ орын: 6 сынып оқушысы Қажыкен Айша, Тәлімгері Нурбекова Ляззат Ерғалиқызы
ІІІ орын: 5 б сынып оқушысы Әскербай Іңкар, Тәлімгері Рахимова Камшат Кадесқызы. Барлық қатысушылар мақтау қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Бүгінгі жеңімпаздарды құттықтаймыз!!! Балаларға тегін тәтті балмұздақтар таратылды!