Мопед,электрлі самокат жүргізу туралы түсіндірме жұұмыстары » Еңбекші орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-50-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мопед,электрлі самокат жүргізу туралы түсіндірме жұұмыстары
12
апрель
2024

Мопед,электрлі самокат жүргізу туралы түсіндірме жұұмыстары

Жаңа заңға сәйкес электрлі самокат веложолда, веложолақтарда, 25 км/сағат жылдамдықпен жолдың оң жақ шетінде, оның ішінде маршруттық көліктерге арналған жолақ бойымен бір қатарда жүре алады. Ал тротуар мен жол жиегінде, жаяу жүргіншілер жолында 6 км/сағаттан аспайтын жылдамдықпен жүруі керек.
Сонымен қатар электрлі самокат көлікке арналған жолмен жүруге тек 18 жастан бастап рұқсат етіледі және жүргізуші куәлігінің кез келген санаты болуы керек.
Мопед, электрлі самокат және велосипед жүргізушілері жолдың жүріс бөлігінде шлем киюі керек.
Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы бұйрығы бойынша Жолда жүру ережелері "электрсамокат" және "шағын электрлі көлік" ұғымымен толықты:
Электрсамокат - бұл екі немесе үш дөңгелегі бар, бір адамды электр қозғалтқышы (электр қозғалтқыштары) арқылы жылжытуға арналған, отырғышсыз, максималды жобалық жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын жеке қозғалмалы көлік құралы.
Өз кезегінде шағын электрлі көлік – электр қозғалтқышымен жабдықталған, электр қозғалтқышы бар мотороллер мен мопедтерді қоспағанда, бір немесе бірнеше дөңгелегі бар, жеке қозғалысқа арналған көлік құралы.
Электрсамокат жүргізушілері велосипед жолымен, велосипед сызығымен жүреді. Велосипед жолы, велосызығы болмаған жағдайда электрсамокат жүргізушілері былай жүреді:
осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шеті, оның ішінде маршрут көлік құралдарына арналған жолақ бойымен бір қатарда;
жол жиегі;
жаяу жүргіншілер қозғалысына қауіп төндірмейтін, сағатына алты километрден аспайтын жылдамдықпен тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолы.
Кез келген санаттағы көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігін немесе оның орнына берілген уақытша куәліксіз 18 жасқа толмаған электрсамокат жүргізушілеріне жолдың жүру бөлігінің заңды жиегімен, маршрут көліктеріне арналған жолақпен жүруге болмайды.
Мопед, электрсамокат және велосипед жүргізушілеріне тыйым салынады:
рульді бір қолмен ұстамай жүргізу;
жолаушыларды велосипедтермен және оларды тасымалдауға арналған арнайы құрылғылары бар мопедтермен тасымалдауды қоспағанда,жолаушыларды тасымалдауға;