Білім беру ұйымы (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бастауыш сынып мұғаліміне (уақытша) конкурс өткізу туралы хабарландыру Орналасқан жері: Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Еңбекші ауылы, Алтынсарин көшесі, №1 Пошталық мекенжайы: 040214 Телефон
Білім беру ұйымы (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бастауыш сынып мұғаліміне (уақытша) конкурс өткізу туралы хабарландыру
Орналасқан жері: Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Еңбекші ауылы, Алтынсарин көшесі, №1
Пошталық мекенжайы: 040214
Телефон нөмірлері: жұмыс 8728335-11-31 ұялы:8707577 8404
Электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы: «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Еңбекші орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, enbekshi.mektep@mail.ru
Негізгі функционалдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық этиканың нормалары; педагогика және психология негіздері; дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар;
Кәсіби құзіреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
«педагог» мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу: жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру; перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу; тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету; ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты жүзеге асыру; әдістемелік жұмысқа қатысу; балалардың , оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуына диагностика жүргізу; білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу; кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады (конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі);
Конкурсты өткізу күні мен орны:
Конкурс Алакөл облысы, Алакөл ауданы, Ы.Алтынсарин көшесі, №1 мекен-жайы бойынша өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурс өткізу кезінде педагогтың бас лауазымының мерзімі 14.09.2022-22.09.2022 жыл аралығы