Ата-аналар назарына‼️ » Еңбекші орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-50-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар назарына‼️
01
апрель
2025

Ата-аналар назарына‼️

Ата-аналар назарына‼️

❗️Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталады. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылы
6 жасқа толатын балалар қабылданады.
❗️Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйек айы жағдайына толық 6 жасқа толған болса, барлық балалар қабылданады. Ал жасы толық 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы үстіміздегі жылы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар.
❗️Мектепке құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда жіберіледі.
❗️Ережеге сәйкес 1-сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан өтініш (тіркелу орны бойынша) білдірген үш үміткер, содан кейін басқа аумақтан бір үміткер қабылданады.

❗️Ата-аналар электронды форматта өтініш, туу туралы куәлік көшірмесін, баланың денсаулығы паспорты, денсаулық жағдайы туралы № 065/у нысанындағы анықтама және № 052-2/у нысанындағыбаланың денсаулық паспорты.
3×4 см 2 фотосурет тапсырады.