Жол қауіпсіздігі
2025 жылдың 25 сәуір күні «Еңбекші орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ Жас жол инспекторларының қатысуымен жол қауіпсіздігіне арналған іс-шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушылардың жолда жүру ережелері туралы білімін арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Іс-шара барысында АӘжТЖ пәнінің мұғалімі Д.Байкенов қатысушыларға жол ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізді. Іс-шараға 6,7,8 а,8 б сынып оқушылары қатысты.