Ауыл республикалық олимпиадасы » Еңбекші орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-50-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауыл республикалық олимпиадасы
20
ноябрь
2023

Ауыл республикалық олимпиадасы

2023жылғы 20 қараша күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11сынып оқушыларына арналған Ауыл республикалық олимпиаданың І (бастапқы) мектепшілік кезеңінің ашылу салтанаты Еңбекші орта мектебінде ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға мектеп директоры А.Б.Шарахметова, Аудандық білім бөлімінің әдіскері Тулегенова Асем Мирасиловна, Еңбекші ауылдық округінің Салық ісі жөніндегі бас маманы Куленова Жайнар Оразхановна және мектеп оқушылары қатысты. Ауыл олимпиадасының мақсаты: ауылдық жердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау, қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу. Олимпиада Oqulyq.kz платформасы негізінде "Бір қатысушы - бір компьютер - бір камера" болып өтілуі қамтамасыз етілді. Олимпиада өтетін әр кабинетте Youtube-трансляциясы жүргізілуде.
https://www.instagram.com/p/Cz3FZpMNfFy/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng%3D%3D&img_index=1