Ильясова Балжан Сайрановна » Еңбекші орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-50-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ильясова Балжан Сайрановна
01
сентябрь
2021

Ильясова Балжан Сайрановна

  1. Жалпы ережелер.

1.1.Бұл лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 шiлдедегi №338 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Еңбек және   халықты  әлеуметтік  қорғау министрінің 28.06.03 ж. №141  бұйрығы  мен  Педагог қызметкерлері  мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының тарифтік-біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы барлық   сала қызметкерлеріне  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бекіткен 30.05.03. ж. №119-п  бұйрығы, білім мекемесінің ұжымдық келісімі, Жарғысы негізінде әзірленді.


1.2. Директордың  оқу ісі  жөніндегі орынбасарын   білім беру  мекемесінің  директоры тағайындайды және босатады.


 Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары демалыста және уақытша жұмысқа қабілетсіз болған кезеңде оның міндеттері директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына  жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда міндеттерді уақытша атқару  мекеме  директорының ҚР Еңбек кодексі талаптарын сақтай отырып, шығарған бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.


1.3. Директордың  оқу-ісі  жөніндегі орынбасарында жоғары кәсіптік бiлiмі  және  басқарушылық міндетінен  3 жылдан кем емес еңбек  өтілі болуы тиiс.


1.4. Директордың оқу-ісі  жөніндегі орынбасары тікелей білім беру мекемесінің директорына бағынады.


1.5.  Директордың оқу-ісі  жөніндегі орынбасары өз қызметін атқару барысында: ҚР Конституциясы мен Заңдарын, Президент Жарлығын және өз қызметінде оқушыларға білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдар шешімдерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, сонымен қатар  мекеме жарғысы мен жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек шартын, директордың бұйрықтарын  басшылыққа алады.  Директордың орынбасары  Бала құқықтары туралы Конвенцияны сақтайды.



Директордың  оқу-ісі  жөніндегі орынбасары   қызметінің негізгі бағыттары:


2.1. Оқу-тәрбие үрдісін  жүйелі ұйымдастыру,  осы үрдістің  дамуын  басқару және бақылау жасау;


2.2. Педагогтардың білім беру  барысын әдістемелік тұрғыдан  басқару;


2.3. Оқыту үрдісінде техникалық қауіпсіздік ережесі мен  нормасын сақтауды қамтамасыз ету.



  1. 2Лауазымдық міндеттері.

Директордың  оқу-ісі  жөніндегі орынбасары   келесі  лауазымдық міндеттер атқарады:


3.1. Тарификация  бойынша және педагог қызметкерлерінің оқу жүктемесінің құжаттарын даярлайды және ұйымдастырады.


3.2. Білім беру үрдісінің сапасын және оқушылардың қорытынды бағаларының объективті түрде қойылуын бақылау; мұғалімдердің өткізген сабақтарына және басқа да іс-шараларға  қатысады, ол сабақтардың мазмұны мен формасын  талдайды, педагогтарға  сараптама қорытындысынан хабардар етеді;


3.3Еесеп тапсыратын құжаттардың уақытында сапалы орындалуын қамтамасыз етеді .


3.4.Педагогтердің  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен  факультатив және таңдау бойынша курстардың жоспарларының орындалуын, құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді.


3.5. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың кестесін және басқа да оқу қызметінің түрлерін құрады, уақытша жұмысқа жарамсыз оқытушылардың орнына басқа оқытушымен алмастыру, ауыстырылған және босатылған сабақтардың есебін жүргізеді.


3.6. Студенттердің аттестацияның сапалы және уақытында өтуін бақылайды


3.7.Құжаттардың (сынып журналдары, оқушылардың жеке іс-құжаттары,  нормативті құжаттар) жүйелі бақылауға алады және жауап береді.


3.8.Оқу жылының жылдық және жарты жылдықтың қорытындысы бойынша мониторинг жүргізеді .


3.9.Материалды-техникалық базаның сақталуы мен оқу кабинеттерінің,  санитарлық ахуалына жауап береді.


3.10.Ата-аналармен  оқушылардың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырады  ата-аналарды (ата-ана орнын алмастырушыны) қабылдайды


3.11. Білім беру үрдісіне ұсыныстар енгізеді, білім беру мекемесінің педагогикалық кеңес жұмысына қатысады.


3.12. Білім беру мекемесінің педагогикалық және басқа қызметкерлерінің аттестациядан өтуге дайындығына және  аттестация жұмысына қатысады.


3.13. Директордың әкімшілік-шаруашылық  ісі жөніндегі орынбасарының  қатысуымен оқу кабинеттерін, шеберханаларды, спорт залын, сондай-ақ қосалқы орын-жайларды паспорттау ісін дер кезінде және сапалы жүргізуді ұйымдастырады.


3.14.Медицина мекемесінен алынған материалдар негізінде мерзімдік медициналық байқаудан өту қажеттігі себебін, яғни факторын көрсете отырып, мезгіл-мезгіл медициналық байқаудан өтіп тұруға тиісті тұлғалардың тізімін жасайды.



  1. Құқықтары.


Директордың оқу-әдістемелік  ісі жөніндегі орынбасары өз құзыреті аясында мынадай құқықтарға ие:


4.1. Білім беру мекемесінде кез келген сабаққа қатысуға (сабақ басталғаннан кейін шұғыл қажеттіліксіз топқа кіру және сабақ кезінде оқытушыға ескерту жасау құқығынсыз).       


4.2.Тікелей қол астындағы қызметкерлерге міндетті түрде орындалуға тиісті өкімдер беруге.


4.3.Оқушыларды оқу процесіне кері ықпал ететін қылықтары үшін білім беру мекемесінің Жарғысы мен ішкі еңбек тәртібі ережелерінде белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартуға.


4.4.Қажет болған жағдайда сабақ кестесіне өзгерістер енгізуге, бірлескен сабақтар өткізу үшін топтарды уақытша қосуға.



  1. Жауапкершілігі.


5.1Білім беру ұйымдарында жарлық пен ереже бойынша себепсіз жұмыстың орындалмауы, білім беру ұйымдарындағы директордың заң бойынша бұйрығын, жергілікті нормативті акт, лауазым міндеті, бекітілген нұсқау, бекітілген ережені орындамау директордың оқу әдістеме жұмысы бойынша орынбасары еңбек құқығының тәртібіне жауап береді. Еңбек құқығын дөрекі бұзушылық болған жағдайда жұмыстан шығарылыуы тиіс.


5.2. Тәрбие әдісінде оқушының физикалық және психикалық зорлық, егер де  директордың оқу әдістеме жұмысы бойынша оқушыларға аморальді іс көрсеткен жағдайда ҚР «Білім туралы»  Заңы,  еңбек кодексі бойынша өз лауазымынан босатылады.


5.3. Өрт сөндіру ережесінің бұзылуы, еңбектің күзеті,  директорының оқу-тәрбие  жұмысының бұзылуы жағдайында әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


5.4. Өз міндеттері орындалмаған жағдайда ҚР  Еңбек кодексі бойынша жауапкершілікке тартылады.




  1. Қарым-қатынас. Лауазымдық байланыс.

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары :


6.1. ҚР Еңбек Кодексіне, ұжымдық шартына және жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс жасайды;


6.2.  Өз іс-әрекеті, қызметі бойынша есеп береді.


6.4. Білім беру мекемесінің директорынан нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-шаралар жөнінде ақпарат алады, сәйкес құжаттармен қол қою арқылы танысады;


6.5. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы  сұрақтар бойынша білім беру мекемесі директорының бұйрығын  таратады;


6.6. Білім беру мекемесі директорының  басқа  орынбасарларымен,  білім беру мекемесінің педагогикалық қызметкерлерімен өз құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша жүйелі түрде үнемі ақпаратпен  алмасып отырады;


6.7.  Білім беру мекемесі  директоры уақытша болмаған кезеңде (демалыс, сырқат және т. б.) оның міндеттерін атқарады.Міндеттерді орындау ҚР заңнамасына, білім беру мекемесінің Жарғысы мен ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес директордың бұйрығы немесе  өкілетті органның басшысының  (Білім басқармасы) бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.


Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы " , " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , " Неке және отбасы туралы ", " Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы " , " Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Арнайы әлеуметтік қызмет туралы ", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы " Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларын білуі тиіс.