«Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы » Еңбекші орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-50-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
11
апрель
2022

«Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

         Астана қаласы                                                                                                                         город Астана




«Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы



БҰЙЫРАМЫН: 

«Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                  2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

          2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

          1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

          2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

          3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

          4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

          3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.

          4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.



          Қазақстан Республикасының

            Білім және ғылым министрінің

                 міндетін атқарушы                                                               Б. Асылова




Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 30.11.2018

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 17840 болып енгізілді


Результаты согласования

Министерство образования и науки РК - Директор Нурсейт Абсаттарович Байжанов, 30.11.2018 11:36:46, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Заместитель Министра МЮ РК Эльвира Абилхасимовна Азимова, 30.11.2018 16:15:55, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Министерство образования и науки РК - Вице-министр Бибигуль Амангельдиновна Асылова, 30.11.2018 16:23:19, положительный результат проверки ЭЦП