Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары » Еңбекші орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-50-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары
04
апрель
2022

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым 
 министрінің м
індетін атқарушының
 201_ жылғы __ 
 ___________
 № ___ бұйрығына
 қосымша 
 
 


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым

министрінің
 2017 жылғы 2 мамырдағы

№ 204 бұйрығымен

бекітілген



Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары



1-тарау. Жалпы ережелер


1. Осы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17450 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) өткізу тәртібін белгілейді.

2. Осы қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) ақпараттық парақ – ҰБТ өткізу пунктінде (бұдан әрі – ҰБТӨП) немесе базалық жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) ҰБТ сертификатымен бірге, сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініш беру кезінде жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы беретін, таңдаған бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес берілетін парақ. Ақпараттық парақ: білім беру бағдарламалар топтарының тізбесі, ағымдағы жылы бөлінген білім беру гранттарының саны және өткен жылғы білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелері туралы ақпаратты қамтиды;

2) арнайы пән – қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының арнайы пәндері бойынша білімі мен құзыретін бағалауға бағытталған пән; 

3) базалық жоғары оқу орындары – ҰБТ-ны өткізуді жүзеге асыратын ЖОО-лар;

4) базалық ЖОО-лардың қабылдау комиссиясы – ҰБТ-ны өткізуді жүзеге асыратын ЖОО жанындағы комиссия;

5) бейіндік пән – таңдаған оқу бейініне сәйкес терең академиялық білімінің тұрақтылығын анықтайтын, пән саласындағы білім мен құзыретті толық бағалауға бағытталған оқу пәні; 

6) жалпы кәсіптік пән – қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының жалпы кәсіптік пәндері бойынша білімі мен құзыретті бағалауға бағытталған пән;

7) жауап парағы – түсуші тест тапсырмаларының жауаптарын белгілейтін ҰБТ нәтижелерін бағалауға арналған арнайы бланк; 

8) жауап парақтарының көшірмесі – тестілеу нәтижелерін бағалауға арналған құжат болып табылмайтын ҰБТ-дан кейін балдарды өз бетінше санауға арналған бланк;

9) желілік ЖОО-лар – ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО-лар;

10) желілік ЖОО-лардың қабылдау комиссиясы – ҰБТ-ға қатысу үшін түсушілерден құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО жанындағы  комиссия;

11) нұсқаларды тарату парағы – қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға түсушілер үшін кітапша нұсқасының аудиториядағы белгілі бір орын нөміріне бекітілгендігі туралы ақпаратты қамтитын парақ;

12) отырғызу парағы – түсушілерді аудиторияда орындар бойынша бөлу парағы;

13) ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны;

14) ҰБТӨП - ҰБТ өткізу пункті;

15) шекті балл – тестілеудің әрбір пәні мен барлық пәндер немесе пәндер бойынша және кейбір ЖОО-лар мен жекелеген білім беру бағдарламалары топтары үшін Үлгілік қағидалармен белгіленген, республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін белгіленген балдардың минималды жиынтығы;

16) сертификат – ҰБТ-да алған балдарын ресми растайтын, белгіленген түрдегі атаулы құжат.

3. ҰБТ:

1) қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына;

2) қалауы бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;

3) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;

4) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне; 

5) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға;

6) ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдарға;

7) ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғаларға өткізіледі.



2-тарау. ҰБТ өткізу тәртібі


1-параграф. ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттар қабылдау 


4. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес немесе «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 502 бұйрық) бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгіде келесі мерзімдерде: 

1) күнтізбелік жылғы 1 және 15 желтоқсан аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;

2) күнтізбелік жылғы 1 және 15 ақпан аралығында осы Қағидалардың     3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін;

3) күнтізбелік жылғы 10 наурыз бен 10 мамыр аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін; 

4) күнтізбелік жылғы 10 мамыр мен 5 маусым аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін;

5) күнтізбелік жылғы 25 шілде мен 3 тамыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін өткізіледі.

5. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген, орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары ҰБТ-ға қатысу үшін ҰБТӨП-ке мынадай құжаттарды:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес немесе № 502 бұйрықпен   бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі, жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған өтінішті;

2) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі екі фотосуретті;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

Бұл ретте жасы 16-ға толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ адамдар туу туралы куәлігінің көшірмесін тапсырады.

4) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті; 

5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзі білім алатын орта білім беру ұйымының анықтамасын тапсырады.

6. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ЖОО-ға бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдар ҰБТ-ға қатысу үшін желілік ЖОО-ға мынадай құжаттарды:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес немесе №502 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі, жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған өтінішті;

2) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі екі фотосуретті;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

4) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті тапсырады.

7. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 5) тармақшаларында көрсетілген, ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар ҰБТ-ға қатысу үшін желілік ЖОО-ларға мынадай құжаттарды:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес немесе № 502 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі, жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған өтінішті;

2) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі екі фотосуретті;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

4) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті тапсырады.

8. Осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері ҰБТ-ға қатысу үшін ҰБТӨП-ке мынадай құжаттарды:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес немесе № 502 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі, жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған өтінішті;

2) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі екі фотосуретті;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

Бұл ретте жасы 16-ға толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ адамдар туу туралы куәлігінің көшірмесін тапсырады.

4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзі білім алатын орта білім беру ұйымының анықтамасын тапсырады.

9. Осы Қағидалардың 4-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар ҰБТ-ға қатысу үшін желілік ЖОО-ға мынадай құжаттарды:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес немесе № 502 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі, жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған өтінішті;

2) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі екі фотосуретті;

3) орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатты (түпнұсқа);

Бұл ретте, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күнтізбелік жылғы бітірушілері білімі туралы құжаттың орнына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім алған мамандығының (біліктілігінің) коды мен атауын көрсете отырып, өзі оқыған білім беру ұйымы беретін, ағымдағы жылы оқуды аяқтағандығы туралы анықтама береді.

4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы                                    № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) бекітілген                  086-У нысандағы медициналық анықтаманы;

6) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті тапсырады.

10. ҰБТ-ға қатысу үшін мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде      № 10589 болып тіркелген) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы құжатты ұсынған кезде мемлекеттік комиссия төрағасының атына:

  1. жеке аудиторияның; 
  2. көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар және мүгедектер үшін ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекші және (немесе) көру функциялары бұзылған мүгедек балалар және мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысандағы қосымша өтініш бере алады.

11. Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері болмаған жағдайда, ҰБТ-ға қатысу үшін өтінішті оқуға түсушінің туу туралы куәлігінің немесе түсушіні асырап алу туралы құжатының көшірмесін және ата-анасының немесе асырап алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғанда, олардың ата-анасы немесе асырап алушысы бере алады. Өтініш орта білім беру ұйымының ағымдағы оқу жылында халықаралық алмасу бағдарламалары бойынша білім алуға жіберу туралы бұйрықтан көшірме болғанда желілік ЖОО-ларда қабылданады.

12. ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген түсушілер үшін құжаттар қабылдағандығы жөнінде қолхат (еркін нысандағы) беріледі.

13. ҰБТ ҰБТӨП немесе базалық ЖОО-лар базасында өткізіледі.

14. Базалық және желілік ЖОО қабылдау комиссияларының құрамы ЖОО бірінші басшысымен немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен бекітіледі.

Желілік ЖОО қабылдау комиссиясының функциялары:

1) түсушілерге таңдаған жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтары бойынша консультация беру, тестілеу рәсімімен таныстыру;

2) түсушілердің құжаттарын қабылдауды және тексеруді ұйымдастыру;

3) тестілеуге кіруге рұқсаттамалар мен белгіленген үлгідегі                                   № 502 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша ҰБТ сертификаттарын (бұдан әрі - сертификат) және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша таңдаған бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес ақпараттық парақтарды беруді қамтамасыз ету.

Базалық ЖОО қабылдау комиссиясының функциялары:

  1. желілік ЖОО-ның техникалық хатшылары мен жауапты хатшыларына консультация беруді ұйымдастыру;

2) түсушілерді таңдаған жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтары бойынша кеңес беру, тестілеу процедурасымен таныстыру;

3) түсушілердің құжаттарын қабылдау мен тексеруді ұйымдастыру;

4) тестілеу өткізу үшін аудиториялық қорды қалыптастыру;

5) тестілеуге техникалық жабдықтардың жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

6) сертификаттарды және ақпараттық парақтарды басып шығаруды және желілік ЖОО-ның жауапты хатшыларына беруді ұйымдастыру;

7) тестілеуге кіруге рұқсаттамалар мен бейіндік пәндер комбинациясы көрстетілген ақпараттық парақтарды беруді ұйымдастырады.

15. Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарының түсушілерін қоспағанда, түсушілер Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша ҰБТ тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсуші тұлғалар Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша ҰБТ тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар екі бейіндік бойынша ҰБТ тапсырады.

16. Түсушілер ҰБТ-ны қалауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде тапсырады.

Бұл ретте ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыратын түсушілер үшін Қазақстан тарихы бойынша тестілеу қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі. ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыратын түсушілер үшін ЖОО-дағы оқыту тілі Қазақстан тарихы бойынша тестілеу тапсыру тіліне сәйкес анықталады.

17. Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсушілер үшін ҰБТ олардың қалауымен қазақ немесе орыс тілінде жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша өткізіледі.

18. Шығармашылық дайындықты талап ететін, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсушілер үшін ҰБТ арнайы пән бойынша өткізіледі.

19. Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсушілерді қоспағанда орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін ҰБТ тест тапсырмаларының саны:

1) Қазақстан тарихы бойынша – 20;

2) математикалық сауаттылық бойынша – 20;

3) оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша – 20;

4) бірінші бейіндік пән бойынша – 30;

5) екінші бейіндік пән бойынша – 30.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес белгіленген.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар үшін ҰБТ тест тапсырмаларының саны:

1) бірінші бейіндік пән бойынша – 30;

2) екінші бейіндік пән бойынша – 30.

20. Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ-ның тест тапсырмаларының саны:

1) жалпы кәсіптік пән бойынша - 20;

2) арнайы пән бойынша - 40. 

21. Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін (ағылшын) меңгергенін растайтын: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm  (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) - кемінде 310 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – 79-ден кем емес), (TOEFL (ТОЙФЛ) шекті балл –567 баллдан кем емес), International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – 6.0 баллдан кем емес) халықаралық сертификаттары бар адамдар қалауы бойынша «Шет тілі (ағылшын)» бейіндік пәнін немесе арнайы пән бойынша тестілеу тапсырудан босатылады.

Осы тармақта көрсетілген шет тілі (ағылшын) бойынша тест тапсырғандығы туралы сертификаттардың біреуі бар тұлғаларға орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері үшін 40 балл; қысқартылған оқу мерзімін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін 50 балл есептеледі.

Ұсынылған сертификаттардың түпнұсқалығын ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш берген кезде, сондай-ақ республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына өтініш берген немесе ЖОО-ға ақылы оқуға қабылданған кезде ҰБТӨП немесе желілік ЖОО тексереді.

22. ҰБТ бойынша ең жоғары балл – 140 балл.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсетін тұлғалар үшін ҰБТ бойынша ең жоғары балл – 120 балл.

23. Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ бойынша ең жоғары балл - 70 балл.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін және шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ бойынша ең жоғары балл – 70 балл.

24. ҰБТ-ға 3 сағат 50 минут беріледі.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ-ға 1 сағат 40 минут беріледі.

25. Шығармашылық білім беру бағдарламаларына түсетін тұлғалар               ҰБТ-ға қатысу үшін ҰБТӨП-ке немесе одан әрі оқуды жоспарлаған желілік ЖОО-ға өтініш береді.

26. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш білдіріп, оның нәтижелері бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысатын түсушілерге, рұқсаттамада көрсетілген күні тестілеуге қатыспаған болса, тестілеу тапсыру тіліне сәйкес аудиторияда орын болған жағдайда және келесі дәлелді себептер бойынша ҰБТ-ны өткізу кезеңінде келесі күндердің бірінде қатысу мүмкіндігі беріледі:

1) денсаулық жағдайы бойынша № 907 бұйрықпен бекітілген № 035-1/Е нысанға сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы болған жағдайда;

2) тізбесі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) айқындалған жақын туыстарының қайтыс болуын растайтын құжаттар болған кезде;

3) төтенше жағдайлар кезінде.

27. ҰБТ өткізу ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін ҰБТӨП-ке және базалық ЖОО-ға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері (бұдан әрі - Министрлік өкілдері) жіберіледі, олар сондай-ақ аудитория мен дәліз бойынша кезекші қызметін атқарады.

28. ҰБТ өткізілетін корпустарда тестілеу күндері тестілеу үшін пайдаланылмайтын барлық аудиториялар, кабинеттер, бөлмелер (әжетхана бөлмелерінен басқа), сондай-ақ түсушілердің кіру және шығу  есіктерінен басқа барлық кіру есіктері жабылып, мөрленеді. Ғимараттың сыртында орналасқан әжетхана бөлмелеріне апаратын жол мен аумаққа бөтен адамдардың кіруі шектеледі.

29. Ғимаратқа іске қосу үшін пайдаланылатын кіретін есіктер бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте бейнебақылау жазбасы ҰБТ аяқталғаннан кейінгі 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мұрағатына тапсырылады.

30. Тестілеуге кіргізу кезінде қол және рамалық металліздегіштер пайдаланылады. Тестілеуге кіргізу кезінде металліздегіштерді қолдану тестілеу өткізу барысында түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа тыйым салынған заттарды алып кіруін болдырмау үшін қолданылады.

31. ҰБТ өткізу үшін жергілікті жерлерде уәкілетті органмен бекітілетін ҰБТ ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі – мемлекеттік комиссиялар) құрылады.

32. Мемлекеттік комиссияның төрағасы болып ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ететін, сонымен қатар металліздегіштер, радиоэлектрондық және ұялы байланыс сигналдарын өшіретін және бейнебақылау құралдарын қолдануды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының басшылары немесе қалалық, аудандық білім бөлімдерінің (басқармаларының) басшылары тағайындалады.

33. Мемлекеттік комиссияның құрамына облыстар немесе республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. 

Бұл ретте мемлекеттік комиссия құрамына күнтізбелік жылы жақын туыстығы Кодекспен белгіленген ҰБТ тапсыратын адамдардың туыстары кірмейді.

Мемлекеттік комиссия мүшелерінің саны бес адамды құрайды. Мемлекеттік комиссияның шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелер санының жай көпшілік даусымен қабылданады және отырыс хаттамаларымен ресімделеді, оған білім беру ұйымдарының немесе (басқармаларының) білім бөлімдерінің білікті қызметкерлері қатарынан тағайындалатын төраға мен хатшы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып саналады.

Мемлекеттік комиссия:

1) ҰБТӨП-те немесе базалық ЖОО-да тестілеу өткізу үшін аудиторлық қорды бекітеді;

2) Құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп, тестілеу басталғанға дейін ғимаратты терроризмге қарсы қорғалу мәніне тексеруді, сондай-ақ тестілеуді өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

3) түсушілерді тестілеуге кіргізуді ұйымдастырады;

4) тестілеуге кіргізу барысында металл іздегіштерді пайдалануды және қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырады;

5) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) 135-қосымшаға сәйкес ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын беретін құрылғыларды пайдалануды, сондай-ақ электромагниттік өрісті өлшеу хаттамасын алуды ұйымдастырады;

6) ҰБТ өткізу кезінде кезекшілермен және медициналық қызметкерлермен жұмысты ұйымдастырады;

7) тестілеу материалдары салынған қаптарды ашу процесіне қатысады;

8) тестілеуге кіргізу барысында тәркіленген тыйым салынған заттарды

сақтауды қамтамасыз етеді;

9) көру қабілеті,  тірек-қозғалыс аппаратының функциялары, есту қабілеті

бұзылған мүгедектер мен мүгедек балалар үшін мүгедектігі туралы белгіленген құжатты көрсеткен жағдайда ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пән мұғалімі болып табылмайтын немесе ымдау тілін меңгерген маман беруді ұйымдастырады;

10) дұрыс жауаптар кодтарының және ҰБТ нәтижелерінің (апелляцияны есепке алмағандағы және алғандағы) жалпы шолу үшін ұсынылуын ұйымдастырады;

11) апелляциялық комиссияның жұмысы үшін жағдай жасайды;

12) сертификаттар мен таңдаған бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес ақпараттық парақтарды беруді ұйымдастырады.

34. ҰБТӨП басшысы мен базалық және (немесе) желілік ЖОО-ның қабылдау комиссиясы жауап парағын дұрыс толтыру бойынша оқуға түсушілерге алдын ала кеңес береді.



2-параграф. ҰБТ өткізу процесі


35. ҰБТ келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылғы 15 және 20 қаңтар аралығында осы Қағидалардың            3-тармағының 1), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;

2) күнтізбелік жылғы 24 және 29 наурыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін;

3) күнтізбелік жылғы 20 маусым бен 5 шілде аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін; 

4) күнтізбелік жылғы 17 және 20 тамыз аралығында осы Қағидалардың                  3-тармағының 2), 3), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін өткізіледі.

36. Түсушілер аудиторияға бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте жеке басын растайтын құжат негізінде түсушінің жеке басы, жасы 16-ға толмаған түсушілердің жеке басы анықтама негізінде сәйкестендіріледі. Содан соң рұқсаттама және рұқсаттама түбіртегі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырылып тексеріледі.

37. Тестілеуге кіргізу барысында бөгде адам анықталған жағдайда Министрлік өкілі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуге жіберу барысында бөгде тұлғаны анықтау актісін жасайды, тестіленуші тестілеуге кіргізілмейді.

38. Тестілеу өткізілетін күні таңертең Министрлік өкілі отырғызу парағын басып шығарады.

39. Түсушілер осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отырғызу парағындағы нөмірге сәйкес орын алады, ол түсушілердің отырғызу орнының нөмірі бойынша сұрыпталады.

40. Түсушілер отырғызылғаннан кейін Министрлік өкілі түсушілерге тестілеу материалдарымен жұмыс істеу ережелерін түсіндіреді. Одан әрі министрлік өкілі аудиториядан үш түсушінің қатысуымен тестілеу материалдары бар қорапты ашуды ұйымдастырады. Шақырылған түсушілер қораптағы мөрдің бүтіндігін тексереді. Осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тестілеу материалдарын ашу туралы актісі жасалып, қорап ашылады және қораптағы тестілеу материалдары саналады.

41. Бірінші кезекте жауап парақтары мен жауап парақтарының көшірмелері (тестілеуден кейін балдарды өздігінен санауға арналған арнайы бланкілер) таратылады.

42. Жауап парағының қызметтік секторлары толтырылған соң түсушілерге пәндер бойынша тест тапсырмалары бар кітапшалар таратылады.

Қысқартылған оқу мерзімі көзделген білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге кітапшалар осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нұсқаларды тарату парағына сәйкес таратылады.

43. ҰБТ-ның жауап парағы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша  келесі тәртіппен толтырылады:

1) 1-секторда түсушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) жазылады;

2) 2-секторда жоғарғы торкөздерге көлденеңінен түсушінің рұқсаттамасында көрсетілген тестіленушінің жеке коды (бұдан әрі - ТЖК) жазылады. Әр санның астындағы торкөздегі сандарға сәйкес дөңгелекшелер боялады;

3) 3 және 4-секторларда тестілеу тапсыру кезінде түсушінің отыратын орны және кітапшасының нұсқасы боялады;

4) 5-секторда түсуші ҰБТ тапсыратын лек пен аудитория нөмірі қойылады. Лек нөмірі тестілеу болатын күн бойынша анықталады;

5) 6-сектор шығармашылық емтихан тапсыратын түсушілерге арналған;

6) 7, 8 және 9-секторларда Қазақстан тарихы, Математикалық сауаттылық және Оқу сауаттылығы пәндері бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады.

7, 8 және 9-секторлардағы әр тест тапсырмасы берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауды талап етеді. Таңдалған жауап сол пәннің секторында сәйкес дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді;

7) 10 және 11-секторларда 2 бейіндік пән бойынша тест тапсырмаларының жауаптары боялады;

10 және 11-секторларда 1-20 аралығындағы тест тапсырмаларында берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау талап етіледі. Таңдалған жауап сол пәннің секторында сәйкес дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді; 21-30 аралығындағы тест тапсырмалары дөңгелекшелерді толық бояу арқылы бір немесе бірнеше дұрыс жауапты (3-тен артық емес) таңдауды талап етеді; 

8) 12-сектор (жауап парағының нөмірі көрсетіледі) боялмайды;

9) «Назар аударыңыз» бағанына аса көңіл бөлінеді:

жауап парағы көк немесе қара түсті қаламмен толтырылады;

жауап парағын былғауға, умаждауға, жыртуға және корректор сұйықтықтарын пайдалануға, жауап парағын тестілеу аяқталғанға дейін аудиториядан шығаруға жол берілмейді; 

10) түсуші жауап парағының төменгі оң жақ бұрышындағы «Түсушінің қолы» деген 13-секторға қолын қояды.

44. Қысқартылған оқу мерзімі көзделген білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ-ның жауап парағы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша  келесі тәртіппен толтырылады:

1) 1-секторда түсушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) жазылады;

2) 2-секторда жоғарғы торкөздерге көлденеңінен түсушінің рұқсаттамасында көрсетілген тестіленушінің жеке коды (бұдан әрі - ТЖК) жазылады. Әр санның астындағы торкөздегі сандарға сәйкес дөңгелекшелер боялады;

3) 3 және 4-секторларда тестілеу тапсыру кезінде түсушінің отыратын орны және кітапшасының нұсқасы боялады. 

4) 5-секторда түсуші ҰБТ тапсыратын лек пен аудитория нөмірі қойылады. Лек нөмірі тестілеу болатын күн бойынша анықталады.

5) 6-секторда жалпы кәсіптік пән бойынша тест тапсырмаларының жауаптары боялады;

6-сектордағы әр тест тапсырмасы берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауды талап етеді. Таңдалған жауап сол пәннің секторында сәйкес дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді;

6) 7-секторда арнайы пән бойынша тест тапсырмаларының жауаптары боялады.

1-20 аралығындағы тест тапсырмалары берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауды талап етеді, жауап сәйкес дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді; 

21-30 аралығындағы тест тапсырмалары дөңгелекшелерді толық бояу арқылы бір немесе бірнеше дұрыс жауапты (6-дан артық емес) таңдауды талап етеді; 31-40 аралығындағы жағдаяттық тест тапсырмалары сәйкес дөңгелекшені толық бояу арқылы бір дұрыс жауапты  таңдау арқылы белгіленеді;

7) 8-сектор боялмайды (жауап парағының нөмірі көрсетіледі);

8) «Назар аударыңыз» бағанына аса көңіл бөлінеді:

жауап парағы көк немесе қара түсті қаламмен толтырылады;

жауап парағын былғауға, умаждауға, жыртуға және корректор сұйықтықтарын пайдалануға, жауап парағын тестілеу аяқталғанға дейін аудиториядан шығаруға жол берілмейді;

9) түсуші жауап парағының төменгі оң жақ бұрышындағы «Түсушінің қолы» деген 9-секторға қолын қояды.

45. Бейіндік пәндерді таңдауды қоса алғанда жауап парағы секторларының дұрыс толтырылуын түсуші өзі қамтамасыз етеді.

46. Жауап парағы бір данада беріледі және түсушінің тестілеу нәтижесін растайтын жалғыз құжат болып табылады. Жауап парағы ауыстырылмайды.

47. Түсуші кітапшадағы нұсқа нөмірін жауап парағына (4-сектор) көшіріп жазады және кітапшаның мұқабасын толтырады. Нұсқаның төртінші саны түсушілердің (қысқартылған оқу мерзімі көзделген білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерден басқа) кітапша мұқабасындағы матрицаның көмегімен анықталады және оны Министрлік өкілі тестілеу аяқталуына                       20 минут қалғанда хабарлайды.

48. Түсушілер жауап парақтарының қызметтік секторларын және кітапшаның мұқабасын толтырған соң тақтада ҰБТ-ның басталу және аяқталу уақыты жазылады. Түсушілерді аудиторияға кіргізу ҰБТ-ның басталғандығы хабарланған сәтте тоқтатылады.

49. ҰБТ-ны өткізу барысында түсушіге аудиториядан дәліз кезекшісінің міндетін атқаратын Министрлік өкілінің, рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға, сөйлесуге, орын ауыстыруға, тестілеу материалдарымен алмасуға, тестілеу материалдарын аудиториядан шығаруға, шпаргалкалар, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары) кез-келген түрлерін аудиторияға кіргізуге және қолдануға, тестілеу материалдарын (жауап парағы мен кітапшалар) умаждау, корректор сұйықтығын қолдану, беттерді жырту, бояуға қарастырылмаған секторларды бояу (жауап парағының нөмірі) арқылы бүлдіруге рұқсат етілмейді.

50. Түсуші осы Қағидалардың 49-тармағын бұзған жағдайда, Министрлік өкілі осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған түсушіні аудиториядан шығару туралы акт жасалады.

51. Тестілеу өткізу барысында рұқсаттама мен рұқсаттама түбіртегін қайта салыстыру кезінде бөгде тұлға анықталған жағдайда, Министрлік өкілі осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тестілеу барысында бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт жасайды.

52. ҰБТ-ға берілген уақыт аяқталғанда түсуші тестілеу материалдарын өңдеу үшін тапсырудан бас тартқан жағдайда, Министрлік өкілі осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде түсушінің тестілеу материалдарын уақытында тапсырмау фактісі туралы акт жасайды.

53. 50, 51 және 52-тармақтардағы көрсетілген тұлғалардың тестілеу нәтижелері өңделмейді және жойылады.

54. Тестілеудің аяқталуына қарай немесе тестілеу уақыты аяқталғанда түсуші өзінің орнынан жауап парағы мен кітапшаны Министрлік өкіліне тапсырады.

55. Жауап парағы мен кітапшаны қабылдау барысында Министрлік өкілі жауап парағындағы барлық қызметтік секторлардың және кітапша мұқабасының толтырылуын тексергеннен кейін түсуші аудиториядан шығады.

56. Министрлік өкілі тестілеу материалдарын қорапқа салады және                      5 түсушінің алып жүруімен тестілеу материалдарын тестілеу нәтижелері өңделетін кабинетке жеткізеді.

57. ҰБТ тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:

1) бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен бағаланады;

бір немесе бірнеше дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл баллмен бағаланады;

2) бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар (үш дұрыс жауаптан артық емес) тест тапсырмаларында:

бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;

екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында бір дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;

екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;

үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында үш дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;

үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында үш дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында тек бір дұрыс жауапты не екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен бағаланады.

58. Қысқартылған оқу мерзімі көзделген білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін ҰБТ тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:

1) бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен бағаланады;

бір немесе бірнеше дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл баллмен бағаланады 

2) бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар (алты дұрыс жауаптан артық емес) тест тапсырмаларында:

бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

бір дұрыс жауабы бар екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;

екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында бір дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;

екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында а екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;

үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында үш дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;

үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында үш дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;

төрт дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында төрт дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

төрт дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында үш дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;

төрт дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында үш дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

төрт дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында төрт дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

төрт дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;

бес дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында бес дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

бес дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында төрт дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;

бес дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында төрт дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

бес дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында бес дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

бес дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;

алты дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында алты дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

алты дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында бес дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;

алты дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында бес дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

алты дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында алты дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

алты дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен бағаланады.

59. Жауап парақтарын сканерленуді Министрлік программисті аудиториялар бойынша екі рет жүргізеді.

60. Жауап парақтары сканерленген соң телекоммуникациялық желі арқылы дұрыс жауаптар кодтары файлы жіберіледі.

61. Дұрыс жауаптар кодтары екі данада басып шығарылады: біреуі жалпы шолу үшін ілінеді, екіншісі апелляциялық комиссия үшін беріледі.

62. ҰБТ нәтижелерін тестілеу өткізу күні мемлекеттік комиссия хабарлайды және ақпараттық стендте ілінеді, сондай-ақ тестілеу нәтижелерімен www.testcenter.kz сайтында танысуға болады.

63. ҰБТ аяқталғаннан кейін және апелляция рәсімі өткізілген соң қолданылған кітапшалар осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰБТ кітапшаларын жою туралы акт жасалады.



3-параграф. Апелляцияға өтініш беру және қарау тәртібі


          64. Тестілеу өткізу кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және түсушілердің даулы мәселелерін шешу мақсатында Республикалық апелляциялық комиссия және ҰБТӨП-те және базалық ЖОО-да апелляциялық комиссия құрылады.

          65. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамын, ҰБТӨП пен базалық ЖОО-дағы апелляциялық комиссияның төрағасын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

ҰБТӨП пен базалық ЖОО-дағы апелляциялық комиссияның құрамын мемлекеттік комиссия төрағасы бекітеді.

66. Апелляциялық комиссияның құрамы тестілеу пәндері бойынша негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінен қалыптасады. ҰБТ кезінде бір тестілеу пәні бойынша педагог қызметкерлердің саны – екіден кем емес.

          67. ҰБТӨП пен базалық ЖОО-дағы апелляциялық комиссия түсушілерден тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарастырады.

          68. Түсуші тест тапсырмаларының мазмұны немесе техникалық себептер бойынша тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда, осы Қағидаларға 17, 18, 19 және 20-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша апелляциялық комиссия төрағасының атына өтініш береді. Түсушінің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, тестілеуге рұқсаттамасы болуы керек. Апелляциялық комиссия түсушінің әрқайсысымен жеке жұмыс жасайды.

Апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:

тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:

1) дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмесе (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетіледі);

2) дұрыс жауап болмаса;

3) берілген барлық жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмаларында бірден көп дұрыс жауап болса (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);

4) тест тапсырмасы дұрыс құрылмаса;

5) тест тапсырмасы шартының фрагменті (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) табылмаса, соның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмағанда; 

техникалық себеп бойынша:

1) дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер екі және одан көп дөңгелекше ретінде оқыса;

2) дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер бос дөңгелекше ретінде оқыса;

3) жауап парағында ақау болғанда. 

Апелляция өтініштері ҰБТ нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия (республикалық апелляциялық комиссия) күнтізбелік бір күн ішінде қарастырады. Түсуші апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қарастырылмайды. 

Тестілеу нәтижелері бойынша апелляция өтініштерінің барлығы осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апелляцияға арналған өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі.

          69. Апелляцияға арналған өтініште көрсетілген нақты фактілер қарастырылуға жатады. Апелляция кезінде апелляциялық комиссияға түсуші көрсеткен пәнді және нұсқаны ауыстыруға рұқсат етілмейді.

Барлық тест тапсырмаларын қайта қарастыру бойынша апелляцияға арналған өтініште әрбір тест тапсырмасы бойынша дәлелді негіздемені көрсетпей (толық түсіндірме, тапсырманың толық шешімі) берілсе, қарастыруға жатпайды.

Түсуші балл алған тест тапсырмасына апелляцияға өтініш берген жағдайда, сәйкесінше оған балл қосылмайды. 

Өтініштер бойынша шешім апелляциялық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылған осы Қағидаларға 22 және 23-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ҰБТ апелляциялық комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді.

          70. ҰБТӨП пен базалық ЖОО-дағы апелляциялық комиссия өтінішті оң шешкен жағдайда, өтініш Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына жіберіледі.

          71. ҰБТӨП пен базалық ЖОО-дағы апелляциялық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда, түсуші Республикалық комиссияға өтініш береді.

72. Апелляциялық комиссия төрағасы апелляцияға берілген барлық өтініштер бойынша осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштер тізілімін (тест тапсырмаларының мазмұны/техникалық себептер бойынша) толтырады.

ҰБТӨП пен базалық ЖОО-дағы апелляциялық комиссияның оң шешімін алған өтініштер бойынша Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына жіберген өтініштер бойынша осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштер тізілімі қалыптастырылады.

          73. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның оң шешімі туралы ұсыныстардың негізділігін қарастырып, шешім шығарады. 

Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі шешуші болып табылады және қайта қарастыруға жатпайды.

Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылған осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.

ҰБТӨП пен базалық ЖОО-дағы апелляциялық комиссия түсушіге апелляция қорытындысы туралы хабарлайды.



4-параграф. ҰБТ сертификатын беру


          74. ҰБТ нәтижелері бойынша әрбір түсушіге тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік үш күн ішінде ҰБТӨП немесе базалық ЖОО мемлекеттік комиссиямен бірлесіп беретін сертификат жазылады. Түсушіге сертификатпен бірге таңдаған бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес ақпараттық парақ беріледі.

          75. Сертификаттағы түсушінің Т. А. Ә. (бар болған жағдайда) толтыру жеке басын куәландыратын құжат бойынша жүргізіледі.

76. Сертификатта әрбір пән бойынша ҰБТ-да алған балдары қойылады. 

Сертификатқа мемлекеттік комиссия төрағасының, Министрлік өкілінің қолдары қойылады және ЖОО-ның немесе білім басқармасының жергілікті органының мөрі басылады.



Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 30.11.2018

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 17840 болып енгізілді


Результаты согласования

Министерство образования и науки РК - Директор Нурсейт Абсаттарович Байжанов, 30.11.2018 11:36:46, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Заместитель Министра МЮ РК Эльвира Абилхасимовна Азимова, 30.11.2018 16:15:55, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Министерство образования и науки РК - Вице-министр Бибигуль Амангельдиновна Асылова, 30.11.2018 16:23:19, положительный результат проверки ЭЦП