Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу » Еңбекші орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-50-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
23
февраль
2023

Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу

Жетісу облысы ,Алакөл ауданы Еңбекші орта мектебінде АӘД пәнінің мұғалімі Д.Байкеновтың ұйымдастыруымен 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен 23.02.2023 жылы Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті! Кездесуге Алакөл аудандық ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Ө.Қойшыманов, Үшарал гуманитарлық- техникалық колледжінің аға оқытушысы К.Құнанбаев және зейнеткер Ш.Әбдінов қатысты. Кездесуді 6б сыныбының жетекшісі А.Байғабылқызы жүргізді. Кездесу барысында ардагерлерге арналған өлеңдер оқылып, арнаулар айтылды. Мектептегі хор үйірмесінің жетекшісі Н.Нөкерованың жетекшілігімен үйірме мүшелері "Болмасын соғыс" тб шығармалар орындады. Ардагерлер өздерінің басынан өткен жағдайларды әңгімелеп берді,оқушылардың түрлі сұрақтарына жауап берді. Кездесу өте жоғары деңгейде, қызықты өтті.