2021-2022 оқу жылының психологтың есебі » Еңбекші орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-50-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылының психологтың есебі
01
июль
2022

2021-2022 оқу жылының психологтың есебі

«Еңбекші орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологі Ж. Өмірсерікованың 2021-2022 оқу жылына жазған талдауы

Психологиялық қызмет оқу-тәрбие процесінде төмендегідей мақсат,міндеттерді басшылыққа алады:

     Мәдени деңгейі  жоғары,қоғамдық өмірге бейімделген,интелектуалды жеке тұлғаны «Мен» жүйесін  қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелей алатын азамат тәрбиелеу.


Психологиялық қызметтің келелі мәселесі:


Оқушының психикалық даму заңдылықтарын зерттеу негізінде жеке тұлға ретінде қалыптастыру.


Психологиялық қызметтің міндеттері:


-шығармашылық қабілеті мол жеке тұлғаны тәрбиелеу;

-   «Мен» жүйесін қалыптастыру;

-   сыни тұрғыда ойлай білетін азамат тәрбиелеу;

- оқушының оқу дағдысы мен біліктілігін дамыту;

- тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін зерттеу;

- психологиялық және дамуындағы ауытқуларды болдырмау, алдын алу;

- педагогикалық үрдістерге қатысушылардың психологиялық мәдениетін көтеру.


Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін психологиялық қызметтің бағыттары  басшылыққа алынады:


*Психодиагностика

*Түзету – дамытушылық жұмысы

*Профилактика және психологиялық ағарту

* Консультация беру

* Ұйымдастыру әдістемелік жұмыстар


«Еңбекші орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар » КММ

психологиялық қызмет 

Мектепалды даярлық сыныбы балаларымен жұмыс

2021-2022 о.ж.

2021-2022 оқу жылында мектепалды даярлық сыныбында 19 бала қабылданды. Оның 13-і ұл, 6-ы қыз. Топ мұғалімі -С.Есімханова,жоғары білімді, Ісанатты. 

Мектепалды даярлық   тобының  балаларының әлеуметтік жағдайы төмендегіше:

*көп балалы жанұядан- 5 бала

     Баланың мектепке баруымен байланысты оның өмірінің жаңа кезеңі басталады. Мектеп балаға едәуір қиындығы бар міндеттер артады. Осы міндеттердіңбарлығынтолықорындаубалағаоңай емес.5-6 жастағы бала мектепке келер алдында оқуға мектеп режимі бойынша жұмыс жасауға ,бағдарламаларды меңгеруге,сөзбен түсіндірген тапсырмаларды орындауға және мектепішілік қарым-қатынас жасауға дайын болуға тиісті.Тек сонда ғана ол  бағдарлама ұсынып отырған білім мен іскерлікті меңгеруге шамасы келеді.Сонымен қатар баланың нәзік қимыл әрекетінің үйлесімділігін,таным процестерінің даму деңгейін нақты бағалау мақсатының орны ерекше.

 Баланың мектепке оқу даярлығын анықтайтын әдістер осы уақытқа дейін қалыптаспаған. Дегенмен көптеген зерттеушілердің еңбектері басшылыққа алынып, баланың оқуға,мектеп талаптарын орындауға икемі анықталады.

  Оқу жылы басында, яғни қазан айында мектепалды даярлық тобы балаларының мектеби жетілгендігін анықтау мақсатында С.А.Банков әдісі алынды. 1ші топ. Қорытындысы:

Мектеби жетілгені-          7                                                  

Орталау жетілген-             9                                                     

Төмен жетілген -                1 

Желтоқсан айында қабылдаудың тұтастығы мен шығармашылық қабілетінің даму деңгейін анықтау мақсатында балалардан « Аяқталмаған сурет » жаттығуы алынды. Балалар берілген тапсырманы яғни суретті аяқтап салып берді. Нәтижесінде: қатысқан барлық баланың қабылдауы мен шығармашылық қабілетінің дамуы жақсы деңгей көрсетті.   

II-ші жарты жылдық бойынша мад тобымен жүргізілген жұмыстар: Қаңтар айында К. Йирасек әдісімен мектепалды даярлық тобындағылардың мектепте оқытуға даярлығы анықталды. Мақсаты: баланың майда нәзік қимыл әрекеттерінің қалыптасқанын және үйлесімділігін, мектеби қажеттілік функциясының даму деңгейін анықтау.   Әдістеме тапсырмалары:

1.Ер адам суретін салу

2.Берілген сөздерді жазбаша түрде көшіру

3.Нүктелерді көшіру

Тест баланың ұсақ моторикасының дамуы, қол қимылы мен көру координациясына бағытталған. Тест баланың интеллектуалды дамуын анықтайды / ер адам бейнесін ойдан салу \. Нәтижесі төмендегіше: Барлығы: 19. Қатысты: 19

Деңгейі

Саны

Пайызы

1

Орташадан жоғары

7

37 %

2

Орташа

11

58%

3

Төмен

1

5%

Ақпан айында « Моншақ » әдісі алынды.Мақсаты: баланың зейін ерекшеліктерін анықтау. Нәтижесі төмендегіше: МАД. Барлығы -18. Қатысты:18

Деңгейі

Саны

Пайызы

1

I

9

50%

2

II

7

39%

3

III

2

11%

Наурыз айында Ш.Е. Рысмаханбетованың « Қисынсыздықтар » әдістемесі алынды.

Мақсаты: баланың бейнелі логикалық ойлауының көрініс беруін зерттеу. Нәтижесі төмендегіше: МАД. Барлығы -18. Қатысты:16

Дамуы

Саны 

Пайызы

1

Өте жақсы

5

31,3%

2

Жақсы

9

56,2%

3

Орта

2

12,5%

Сәуір айында « Дөңгелекшелермен жаз » әдістемесі алынды. Мақсаты: баланың фонематикалық естуін бағалау.  Нәтижесі төмендегіше: МАД. Барлығы -17. Қатысты:16

Нәтижесі

Саны 

Пайызы

1

Өте жақсы

3

18,75%

2

Жақсы

11

68,75%

3

Орташа

1

6,25%

4

Төмен

1

6,25%

Қорытынды:Мектепалды даярлық балаларында мектеби жетілгендік жақсы деңгейде. Төмен деңгей көрсеткен балаларды қатарға қосу үшін түзету жұмысын тиімді жүргізу қажет. Мектепалды даярлық тобында 1 сыныпқа баруға жасы толмай отырған бала саны – 1. 


1 сынып оқушыларын мектепке  бейімдеу 

2021-2022 о.ж.

   Мақсаты: 1 сынып оқушыларының мектепке бейімделе алмаушылық түрлерін,себептерін анықтап, мектепке бейімдеу,түзету жұмыстарын  жүргізу.

1а сыныпта 15 оқушы. Ұлы-7 , қызы-8 . Мұғалімі-  Иемберді Перизат Құралбекқызы. Педагог-модератор.

Сыныптың әлеуметтік картасы:

*көп балалы жанұядан-   8 оқушы 

   2021-2022 оқу жылының алғашқы күндерінен бастап 1 сынып балаларын мектепке қабылдау,оларды бейімдеу жұмыстары басталды. Жұмыс жоспарына сай 1 сыныпқа келген балалардың ата-аналарына "Баланың мектепке дайындығын анықтау"тақырыбында баяндама оқылып ,ата-аналарға баланың мектепке бейімделуі барысында кездесетін қиындықтар түрлері мен себептері жайлы кеңестер берілді.  Іс-шаралар аясында сыныптың сабақтарына қатысып,кіші мектеп жасындағы оқушылардың мектепке бейімделе алмаушылық түрлері,себептері анықталуда.

Алты жастағы балалардың психикалық даму деңгейінің көрсеткіштері.

Психикалық даму деңгейі қалыпты балалар:            

    1.Моторикасы/қимыл-қозғалысы/.

Қимыл-қозғалысы нақты әрі қуатты,жеңіл және пысық қозғалады. Биіктікке,ұзындыққа секіреді.Затты лақтырғанда қолын құлаштай сермейді.Допты бір қолымен оңай ұстайды,аяғын алмастырып орнында секіреді.бояу,қарындашпен еркін сурет салады.

    2.Сенсорлық-перцептивтік әрекет.

Заттарды сипап сезу және көру арқылы қабылдау процесінде жоспарлы бақылайды. Геометриялық фигуралардың аттарын біледі,түстер реңін ажыратады.

   3.Зерделі /интеллектуальды/әрекет.

      10-ға дейін санайды, 2-3 заттан санайды. Өз пікірін жасқанбай айта алады.

Сыныптың сабақтарына қатысып,оқушылардың оқу,жазу,сөйлеу дағдылары,ойлау қабілеттері зерттелінуде. Сынып жетекшісімен сұхбат жүргізіліп, үлгермеушілер, бақылауды қажет ететіндер сарапталынуда. Сабаққа қатысу кезінде олардың эмоционалды және тұлғалық кеңістігіне бақылау жасалынды.  

       Қыркүйек,қазан айларында оқушыларды бақылау жүргізілді. 1 сыныптың әліппе және математика сабақтарына қатыстым. 

Сабақтарға қатысу мақсатым: 1сыныптың мектепке бейімделуін, мұғалімге,оқу пәніне қатынасын, оқушылар зейінін бақылау. Сабақ үстінде оқушылардың іс-әрекеті мен белсенділігі бақыланды. Оқу материалын түсініп,мұғалімге қайтаруда ерекше белсенділік танытып,сабаққа зейін қойып жақсы қатысқан оқушылармен қатар,белсенділік танытпаса да оқу әрекетіне ілесіп отырғандар да бар. Оқу әрекеті қиын тиіп жүрген мына оқушыларға ерекше көңіл бөлу қажет: Серікқали Жангелді, Тимурұлы Теміржан.

1 сыныптың оқушыларынан қыркүйек айында « Керн Йирасек » тесті алынды. Қатысқаны: 15 

Орташадан жоғары – 6 

 орташа – 7

 төмен - 2 / С.Жангелді, Т.Теміржан \

       Қазан айында оқушылардың танымдық қабілетін дамыту мақсатында « Саяхат сабақ » өтілді. Мектеп мотивациясы деңгейін анықтау мақсатында   Н.Г. Лускановтың  « Мектепте маған не ұнайды? » әдісі алынды. 1сыныптың мектепке бейімделуін, мектеп неврозын анықтау, алдын алу мақсатында оқушылардан « Жануарлар мектебі » жобалау әдістемесі, яғни суреттік тест алынды. Зерттеуге қатысқан 15 оқушының да мұғаліммен қарым-қатынас сипаты бар, агрессиялық қорқыныш сезімдері жоқ, вербальды агрессия белгісі байқалмады. Оқушылардың ерік аясы даму деңгейін анықтау мақсатында « Үйшік » әдістемесі жүргізілді. Нәтижесінде: даму деңгейі жақсы -11, орташа-2, төмен-2.  

      Қараша, желтоқсан айларында  есті, зейінді дамытуға, қабылдауға, ойлауды дамытуға арналған жаттығу, әдістемелер төмендегідей.

 « Фигураны есте сақта »,  « Графикалық диктант» « Жануарлар мектебі », 

« Үйшік »,« Моншақ », « Не артық », « Не жетпейді», « Ұқсасын тауып сыз» т.б.  Алынған әдістемелерге қорытынды, анықтама жазылды.

     Қаңтар айында ойлауды дамыту мақсатында « Фигураларды қос » әдістемесі алынды. 

    Ақпан айында қиялды дамытуға арналған « Пантомимо » ойыны ойнатылды.

    Наурыз айында « Нүктелер » жаттығуы жүргізілді.

Сәуір айында қарым-қатынас дағдысын дамытуға арналған « Жақсы көру пирамидасы » ойыны ойнатылды. 

Қорытынды:

1сыныптың мектепке бейімделуі, жазу дағдылары  қалыптасқан. Мұғалім-оқушы арасында жағымды қарым-қатынас бар. Оқу жылы басына шартты дайындық және дайын емес деңгей көрсеткен оқушылармен жекелей түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді,қатарға қосыла алмаған оқушылар оқу жылы соңындағ яғни наурыз айында психо-педагогикалық консилиумда қаралып, ОПМПК ММ-нің тексерілуінен өтті.

Төмендегі оқушылар ОПМПК ММ шешімімен 2022-2023 оқу жылында ТДС-да оқитын болады. Олар: Т.Тимурұлы, Ж.Серікқали