Попечительский совет хаттамалары
«Еңбекші орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Хаттама №3
Попечительский советінің отырысы .
Өткізілген уақыты: 9 ақпан 2018 жыл
Өткізілген орны: Директор кабинеті.
Отырыстың төрағасы: Бекенов Сакен Сабырғалиевич
Қатысқандар:
1.Мектеп директоры Байдильдаев Д.Б
2.Сагымбекова Назигул Нурмолдаевна- Қамқоршылық кеңесінің орынбасары
3.Китанова Мирагүл—хатшысы
4. Садуақасова Батима Қариқызы –мүшесі
5. Тайкин Ербол Нариманович- мүшесі
6. Чукеева Жанаргүл- мүшесі
7. Мейімбекова Назгул Қызырқызы—мүшесі
8. Нурбекова Лаззат Ерғалиқызы- мүшесі
9. Қуатбекова Майдагүл Тұрарбекқызы-мүшесі
Күн тәртібінде:
1.Попечительский советтің алдында мектеп директорының атқарған жұмысының есебі туралы.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Еңбекші орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры тыңдалды. Ол өз сөзінде осы аталған мекемеде 2017-2018 оқу жылында 224 білім алушы және 34 мұғалім жұмыс жасайтынын айтып өтті. Биылғы оқу жылына 38 тонна 600 литр сұйық отын бөлінген болатын.Мектептің іші жылы,температура бірқалыпты.Мектеп жанындағы шағын орталықта екі топта 45 бала тәрбиеленуде.
2017-2018 оқу жылына міндетті білім беру қоры есебінен педагогикалық кеңесте бекітілген 50 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.Тамыз -қыркүйек айында өткен ЖББ айлығы бойынша демеушілердің көмегімен 172000 теңгеге 5 оқушы қажетіне пайдаланатын заттары және мектеп формасымен қамтылды. Сонымен қатар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан 35 оқушыға киім-кешекке 15000 теңгеден қаржылай көмек көрсетілді.
Қаңтар -ақпан айында мектепте өткен «Қамқорлық» атты қайырымдылық акциясы барысында мектеп мұғалімдері 14200 теңге көлемінде 5 оқушыға демеушілік көрсетті.
Қорытынды: Попечительский советінің мүшелері мектеп директорының жұмысын қанағаттанарлық деп баға берді.
Мектеп директоры: Д.Б.Байдильдаев
Хатшы: М.Ч.Китанова М