Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау жеделхаты » Еңбекші орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72833) 3-50-11
Бухгалтерия
+7(727) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау жеделхаты
01
август
2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау жеделхаты

Мемлекет басшысы химиядан Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

✉️ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эр-Риядта өткен химиядан 56-шы Халықаралық олимпиаданың жүлдегерлеріне құттықтау жеделхатын жолдады.

– Еліміздің құрама командасы үшінші жыл қатарынан осынау беделді турнирде жоғары нәтижеге қол жеткізгені қуантады. Биыл сіздер екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алып, білім деңгейлеріңіздің өте жоғары екенін көрсеттіңіздер. Осы арқылы отандық білім беру саласының халықаралық ғылымдағы беделі зор әрі бәсекеге қабілетті екенін дәлелдедіңіздер. Бұл ретте ұстаздар мен ата-аналардың сіңірген еңбегі ерен. Сіздердің жеңістеріңіз еліміздің дамуына қызмет ететін кәсіби жетістіктерге ұласатынына сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы жас дарын иелерінің алдағы уақытта да білімнің биік шыңын бағындыра берулеріне тілектестік білдірді.

t.me/aqorda_resmi