11- сынып білім алушыларына аттестат беру салтанатты жиын өтті. » Еңбекші орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-50-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11- сынып білім алушыларына аттестат беру салтанатты жиын өтті.
22
июнь
2023

11- сынып білім алушыларына аттестат беру салтанатты жиын өтті.

Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Еңбекші орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 11- сынып білім алушыларына жалпы орта мектеп курсын аяқтау аттестатын беру салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға Еңбекші ауылдық округінің әкімі Сағымбеков Қуаныш Сағымбекұлы, ардагер ұстаздар Байдильдаев Даулетхан Бекенұлы, Баймурзина Клара, Сыдықова Нұржаңыл қонаққа шақырылды. Алакөл аудандық ПБ ЖПҚБ КТІЖ УПИ полиция лейтенанты Мырзакулбек Рустам салтанатты жиынға қатысты.
Келген қонақтар түлектерге сәттілік тіледі. Мектеп директоры Шарахметова Алия Баймуханбетқызы түлектердің аттестаттарын табыс етіп, ақ жүректі ақ тілегін білдірді. Ата- аналар атынан Аязбаев Қыдырбек мектеп бітірушілерге ақ батасын берді. 65- түлектерге біз де сәттілік тілейміз, аттестаттарыңыз құтты болсын. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кезекшілік ұйымдастырылды. Ата-аналар мен 11 сынып білім алушыларына қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында көкке, тауға, көлге, отырыс жасауға болмайтындығы туралы ескертілді.