1-қыркүйек Білім күні "Мектебім - мейірім мекені" » Еңбекші орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-50-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-қыркүйек Білім күні "Мектебім - мейірім мекені"
01
сентябрь
2023

1-қыркүйек Білім күні "Мектебім - мейірім мекені"

Жетісу облысы Алакөл ауданы "Еңбекші орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ 2023-2024 оқу жылының басталуына орай 1-қыркүйек Білім күні мерекесі аталып өтті.
Салтанатты жиынға Еңбекші ауылдық округінің әкімі Қ.Сағымбеков, Алакөл АПБ-нің ЖПҚ-нің ЮПТ-ның инспекторы полиция капитаны Э.Б.Жармухаметов,ауылымыздың ақсақалдар алқасының төрағасы,ауданымыздың құрметті азаматы М.Ыбыраев қатысты.Мектеп директоры Шарахметова Алия Баймуханбетқызы жаңа оқу жылының басталуымен ұстаздарды,оқушыларды және 1-сыныпқа аяқ басқан бүлдіршіндерімізді құттықтады.Биылғы мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған жас бүлдіршіндерімізге "Әліппе"оқулығын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
Алғашқы қоңырау соғылып,жақсы тілектер айтылды.Барлық сынып жетекшілер "Мектебім-мейірім мекені"тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.
Барлықтарыңызды бүгінгі 1 қыркүйек - Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын.