"Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер. » Еңбекші орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-50-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер.
26
декабрь
2023

"Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер.


Еңбекші орта мектебі 26 желтоқсан күні ата-аналарды қолдау орталығының кезекті сабағын 5-9 сынып ата-аналарымен сынып жетекші А.Байғабылқызы өткізді. Сабақтың тақырыбы "Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер. Өз балаңыздың кілтін қайдан алуға болады?" Мақсаты: ата- аналардың жас дағдарысы кезінде жасөспіріммен үйлесімді қарым- қатынас орнату қабілетін дамыту. Сабақ барысы "Танысу" сергіту - жаттығуымен басталды . "Баланың негізгі жас дағдарыстары" бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, талқылау сұрақтарына жауаптар берілді. 1-4 сынып ата-аналарымен 3 а сынып жетекшісі П.Иемберді "Әрбір бала -жарық жұлдыз. Әр баланың ерекшелігін қалай ашамыз?" тақырыбында жоспарланған сабақ өткізілді. Мақсаты: Баланың ерік жігері мен мінезін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу. Баланың оқуына, мінез - құлқына және жасауына мінездің әсері. Баланың даралығын темпераментіне сәйкес қалай ашуға болады? Ата -аналарға арналған тапсырмалар орындалып, видеороликтер көрсетілді.